“Ғашық жүрек немесе продюсер түсірген кино”


 Баян апай жарады. Ой, кешірім өтінем, Сізді апай деп айтуға болмайды екен ғой.
Жалпы бұрын фильмді мақтағанда, яки даттағанда оны түсірген режиссерге қарата сөз арнаушы едік. Бұл жолы жұрттың бәрі пікірін продюсер Баян Есентаеваның рөлін сомдаған продюсер Баян Есентаеваға бағыттап жатыр. Біздің де әлқиссаны Баяннан бастағанымыздың мәні осы.
Қазақы қауым Есентаеваға өкпелі еді. Теменовтың Гүлназына ғашық көрермен іскер әйел стиліндегі жүргізуші ханымды жылы қабылдай алмады. («Махаббат бекетін» қайта-қайта көріп, диалогтарын жаттап алған менің де санама Гүлнәз бейнесі қазақ қыздарының жиынтық бейнесі ретінде сіңгені рас. Тек бір рет, бірінші курс оқып жүрген кезімде «31-канал»-дың алдында темекі тартып тұрған Баян Есентаеваны көріп, ол пікірімнің бытшыты шыққаны бар.) Ұғынықтырақ айтсақ, инабатты Айгүл келіндері кенеттен даладағы төсекте жатып шарайнаға қарай беретін Иманбаеваға айналып шыға келгендегідей күй кешті.
Егер бұл фильм бастан-аяқ продюсердің ұстанымдарына құрылған болса, Баян апай… кешірім өтінем, Баян туған халқының алдында қайтадан сүйкімге ие болып қалуы кәдік. Неге десеңіз, фильм бір Мейрамбегіміздің өзімен-ақ қазақ тілінің тәп-тәуір жарнамасын жасап берді. Мөлдірдің орысшаны акцентпен сөйлеуінің өзі бас кейіпкерге деген құрметімізді арттыра түскендей болады. Тек қазақтың тілінде сөйлеп жүріп-ақ ел қатарлы өмір сүруге болатынын, керек десең, жұрттан артық болатыныңды астарлап айтып тұрған секілді. Әрине, мұндай идея түсіру тобында болды ма, болмады ма, ол жағы беймәлім, біз, бірақ, солай түсінгіміз келді, солай түсіндік. Ал осы екпінмен көбейсе, Есентаеваның қазақшасы «Екі жұлдыздың» 5-інші яки 6-маусымын жүргізуге жарап қалатын шығар.
Енді дискінің келесі бетін аударалық. Қазақ киноларында қанша сынға ұшыраса да тыйылмайтын бір әдет бар. Бел ортасына апарып бақсы-құшынаш қыстыру. Әсіресе, бюджет қаржысына түсірілетін фильмдерде жалбыр киім тәуіптер толып жүреді. Бұл үрдістің мағынасын «Астана» журналының бас редакторы Мақсат Тәж-Мұрат «Ислам және өркениет» газетіне берген сұқбатында ашып түсіндіріп беріпті (http://muftyat.kz/3456-din-sajasatnda-t1256zimdilik-kerek.html). Бұл жолы да жол ашып, жол жабатын бір «шлагбаум-кемпір» жылтың-жылтың етіп көрініс береді. Фильмнің жалпы мазмұнына пәлендей әсер етіп те тұрған жоқ, не үшін қосылғаны түсініксіз.
Қазақ киноларынан енші ала бастаған екінші бір келеңсіз нәрсе – жалаңаш дене. Әрине, «қыз көрмеген Қайраттан» кейін басқаларын құшақтап сүйесің (қыздарды емес, киноларды). Бірақ, ұшы ғана көрінбейтін (ғафу өтінем) «мамалектар» мен ортасы ғана көрінбейтін (тағы да ғафу өтінем, көрінбегені үшін емес, ашық айтқаным үшін) сандарға көзіміз әбден үйреніп, етіміз әбден марқұм боп (өліп) кеткен. Сондықтан да, бас кейіпкерлері сүйіспейтін киноны бірінші рет көріп жаға ұстағандай болған ағайын, Айгүл сомдаған рөлдің кейбір қылықтарын кешіре салар деп ойлаймыз.
Тек, Абайдың өлеңінің дұрыс нұсқасы былай: Көзімнің қарасы, Көңілімнің санасы, Бітпейді-ау іштегі Ғашықтық жарасы.
P.S. Қазір бір нәрсеге пікір білдірудің өзі қиын. Даттасаң, жақсыны көрмес соқыр, немесе көре алмас күндес сияқтысың. Мақтасаң, жақсы мен жаманды ажырата алмас таяз, талғамы төмен бейшара боласың. Ал менің екі жағдайдан да сыбаға татқым жоқ. Сондықтан тиіп-қашып жаздым. Ғафу өтінемін.

About these ads

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.

%d bloggers like this: